
2019 жылғы 31 қаңтарда Алматы қаласында «Инновациялық технологиялар паркі» Дербес кластерлік қоры базасында Алматы қаласы және Алматы облысының әкімдіктерінің өнеркәсіп кәсіпорындарын цифрландыру бойынша есептері тыңдалды.
Мәжілісті ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов жүргізді, мәжіліс жұмысына Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Алмас Батанов және оның орынбасары Қанат Байытов, Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерінің, Өнеркәсіп кәсіпорындарын цифрландыру жол картасына енгізілген компаниялардың («Baron FOOD» ЖШС; «Алматинский вентиляторный завод» ЖШС; «Кайнар АКБ» ЖШС; «Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС; «Қарасай Машина жасау зауыты» ЖШС; «Tokyo Rope Almaty» ЖШС; «КЕЛЕТ» АҚ, KazTechInnovations және т.б.), сондай-ақ ІТ-қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.
Мәжіліс барысында «Алматы» ӘКК төрағасы М. Әзірбаев және Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Р. Қожасбаев 2018 жылы атқарылған жұмыстар және 2019 жылға арналған жоспарлар туралы, әр кәсіпорынның технологиялық жетілу деңгейі, енгізілетін технологиялар, сонымен қатар өнеркәсіптік нысандарды цифрландыру кезінде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша, вице-министр өнеркәсіптерде цифрлық шешімдерді енгізу жұмысы бойынша бірқатар ұсыныстар берді.
Сонымен қатар, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің басшылығы фармацевтика саласының ірі кәсіпорындары – «Нобел Алматы Фармацевтикалық фабрикасы» АҚ-ын (саладағы үлесі 10%) және «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС-ын (саладағы үлесі 7%), сондай-ақ «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ-ын аралады. Аралау барысында өндіріс көлемінің көрсеткіштері тыңдалып, кәсіпорындардың негізгі мәселелері талқыланды.
