
2019 жылғы 1 ақпанда Алматы қаласында өткізілген «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0. Еуразия инновациялық экожүйесі» Форумы шеңберінде «Индустрия 4.0 – инновациялық экожүйенің тұтынушуы» тақырыбында сессия өтті.
Сессия жұмысына отандық және шетелдік сарапшылар мен ғалымдар, қазақстандық және халықаралық IT-ұйымдар, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Жиналғандардын алдында алғыс сөзімен сөйлеген Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде сандық құзыреттерді дамыту мәселелерін талқылау, жинақталған құзыреттермен алмасу және одан әрі жемісті ынтымақтастық үшін жанасу нүктесін іздеу қажеттігін атап өтті.
Сессияны өткізудің басты мақсаты Индустрия 4.0 элементтерін енгізудің әлемдік тәжірибесін зерделеу, перспективалы бағыттарды айқындау болып табылады.
Сессияда стартап саласы, телекоммуникация, қаржы және ғылыми секторлар сияқты түрлі салалардан 8 спикер сөз сөйледі.
Сессия жұмысы барысында Индустрия 4.0 өндіріске тәжірибелік әсері, стартап экожүйесі, Индустрия 4.0 мүмкіндіктерін кеңейту, процестерді оңтайландыру, қауіпсіздікті арттыруға іс жүзінде әсер етуі бойынша пікір алысты, сондай-ақ өндірісте цифрлық технологияларды енгізу тәжірибесі талқыланды.
