
2019 жылғы 31 қаңтарда «ИТП» АКҚ алаңында ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қ. Қ. Байытов, ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің түсті металлургия және сирек металдар басқармасының басшысы Е. Б. Саржанов, ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің түсті металлургия және сирек металдар басқармасының бас сарапшысы Н. Аюпов, «Қазақмыс» ЖШС-нің өкілі Е. Оспанов, МШКҚӨ ҰО, Қ.И. Сәтпаев ат. ҚазҰТУ өкілдері қатысуымен сирек және сирек жер металдар саласын дамыту мәселелері бойынша отырыс өтті.
Кеңес барысында ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Байытов Қанат Құрмашұлы бесжылдық тұжырымдамасын әзірлеу барысы, сирек және сирек кездесетін металдарды дамыту, қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың есеп беру Ережелері, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 374 бұйрығы туралы баяндады.
Қ.И. Сәтпаев ат. ҚазҰТУ тау-кен металлургия институтының директоры Әбішева Зейнеш Садырқызы сирек және сирек кездесетін металдар (литий, рений, осмий) бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, осы саланың даму перспективалары, ЖРМ құрылымы туралы айтып берді.
Талқылау барысында ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қ. Қ. Байытов, "Қазақмыс" ЖШС өкілі Е. Оспанов 2018 жылғы 12 желтоқсанда өткен тау-кен металлургия саласы кеңесінің отырысында мақұлданған саланың әлеуетін дамыту мақсатында СМ және СКМ бойынша ақпаратты құпиясыздандыру қажеттілігі туралы мәселені қозғады.

