ҚР ИИДМ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ҚР ИИДМ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

2019 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік кауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары" тақырыбында департамент басшысы Қ.Қыстаубаетың төрағалығымен дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстелге Комитеттің Мұнай-газ өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау басқармасының бас сарапшысы Н.Садыков, Кадр жұмысы және құжат айналымы басқармасының бас сарапшысы Ж.Бижанова, Қазандық, газ шаруашылықтары және көтергіш құрылыстар объектілерін мемлекеттік қадағалау басқармасының бас сарапшысы Э.Курумбаев,  Әкімшілік-қаржылық жұмыс басқармасының бас сарапшысы А.Рузиева  және Департаменттің жеке құрамы қатысты.

Дөңгелек үстелде Департамент басшысының орынбасары Е.Манакбаев "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жөніндегі іс-шаралар туралы" тақырыпта баяндама жасады.

Жиналыс барысында Комитеттің Мұнай-газ өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау басқармасының бас сарапшысы Н.Садыков «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік  көрсетілетін қызметтерді іске асыру және мемлекеттік инспекторлардың бақылау-қадағалау кезіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы» баяндама жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, дөңгелек үстелде Н.Садықов Комитеттің Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша  Департаменттерінде орын алған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін атап өтті және осыған ұқсас құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің болатындығы туралы ескертті.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға «нөлдік» төзімділікті қамтамасыз ету және оларды лауазымдық міндеттерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қатаң түрде орындау қажет екендігі туралы тұжырымдамалар жасалды.