ҚР ИИДМ басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестициялар министрімен кездесу өткізді

ҚР ИИДМ басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестициялар министрімен кездесу өткізді

2021 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Сауд Аравиясының Инвестициялар министрі Халид бен Абдулазиз әл-Фалихпен кездесті.

Тараптар өңдеу, тау-кен өнеркәсібі, азаматтық авиация, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесуге қатысушылар екі елдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік беретін тікелей әуе рейстерін ашу туралы келісті.

Сондай-ақ, саудиялық тарап қазақстандық кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі кейбір өндірістік компанияларды таныстырды.

Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсартуға және әлеуетті инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлінеді.

Анықтама:

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тауар айналымы 2021 жылғы қаңтар-шілдеде 4 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,5% жоғары (3 млн. АҚШ).

2021 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстаннан Сауд Арабиясына экспорт көлемі 2,3 есе өсіп, 1,6 млн АҚШ долларын құрады.

2021 жылғы қаңтар-шілдеде Сауд Арабиясынан Қазақстанға импорт 7,5% артып, 2,4 млн. АҚШ доллары болды.

«SCAT» әуе компаниясы 2021 жылдың қараша айының ортасынан бастап аптасына 1 рейспен Алматы – Джидда бағытында ұшуды жаңғыртуды жоспарлап отыр.