
ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өкілі 2019 жылғы 20 ақпанда Шымкент қаласында өткен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ XXI қорытынды кеңесіне қатысты. Ұлттық компаниядағы еңбекті, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік, радиациялық және ядролық қауіпсіздік күн тәртібіндегі басты тақырыпқа айналды.
Кеңеске Қазатомөнеркәсіп басшылары, еншілес және тәуелді ұйымдардың, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, және де ҚТЖ және ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының өкілдері қатысты.
ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті атом энергиясын пайдалану объектілерін мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы Марат Тюлюбаевтың сөзінде уран өндіруші және уран өңдеуші ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерінің апатқа дайындығы сұрақтары көтерілді, осы объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау нәтижелері туралы, және де өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама өзгерістері мен жүзеге асыруға жоспарланған заңнамалық бастамалар туралы ақпарат берілді.
