Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша 2018 жылғы бақылау-қадағалау қызметінің қортындысы

Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша 2018 жылғы бақылау-қадағалау қызметінің қортындысы

2019 жылғы 22 ақпанда ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінде Комитет төрағасының орынбасары Н.Қ. Макажановтың төрағалығымен Комитет Басқармаларының және Комитеттің аумақтық Департаменттерінің басшыларының қатысуымен мәжіліс болып өтті.

Мәжіліс барысында 2018 жылғы өнеркәсіп қауіпсіздік саласындағы қадағалау қызметінің қорытындылары шығарылды, қауіпті өндірістік объектілерде болып өткен аварияларды тергеп тексеру және осыған ұқсас авариялардың алдын алу бойынша іс-шаралардың орындалуы нәтижелері талқыланды.

Одан өзге, мәжілісте қауіпті өндірістік объектілерді техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарының орындалуы туралы ақпарат және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының әзірленіп жатқан жобасын іске асыру туралы ақпарат тыңдалды.

Мәжіліс нәтижелері бойынша басшыларға 2019 жылға арналған нақты міндеттер қойылды және Комитеттің аумақтық Департаменттері жүргізетін жұмыстарының сапасын жақсарту бойынша тапсырма берілді.