Индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде Техникалық кеңес өткізілді

Индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде Техникалық кеңес өткізілді

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфракұрылымдық даму министрлігі Индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 2019 жылдың 05 наурызында Департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес Техникалық кеңес өткізілді. Кеңесте департаменттің жеке құрамы қатысты.

Кіріспе сөзімен Департамент басшысы Балтабек Жетпісов сөз сөйледі. Департаменттің нан өнімдерін, көтергіш ғимараттарын, газ шаруашылығын және қазандық нысандарын мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы – Жанболат Рақышев, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында бақылау, салааралық қадағалау бөлімінің басшысы – Айбек Ілиясовтың «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аттестатталған мекемелердің өткізілген жұмысының жағдайы», «Жұмыс істемейтін кәсіпорындар тізілімі» тақырыптарына есептері тыңдалды. Кездесу барысында пікір алмасу барысында көптеген мәселелер талқыланды.

Сөйлеушілерді тыңдағаннан кейін барлық қызметкерлерге нұсқаулар берілді: тексерулер барысында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің баптарын қолдануды барынша арттыру, кісіпорындар тізілімінің мониторингін жүргізу, техникалық құрылғыларды басқа тізілімге еңгізу, техникалық құрылғыларды есепке қою барысында мониторинг жүргізу.