«Ком-Мунай» ЖШС-нің өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тексеріс жүргізілді

«Ком-Мунай» ЖШС-нің өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тексеріс жүргізілді

Қазақстан Республикасы Индустрия және Инфрақұрылымдық даму Министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті тексеру жүргізудің ерекше тәртібі бойынша 2019 жылдың 1-ші  жартыжылдық кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 27 ақпаны мен 11 наурызы аралығында, «Ком-Мұнай» ЖШС-нің қауіпті өндірістік нысандарында тексеріс жүргізді.

Тексеру барысында Комсомольск кенорнында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 13 кемшілік анықталды. Тексерістің нәтижесі бойынша, тексеріс нәтижесінің актісі және кемшіліктерді орындау туралы нұсқамасы берілді, заңды тұлғаға айыппұл салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша «Ком-Мұнай» ЖШС-нің жауапты тұлғаларымен бірлесе отырып Техникалық кеңес өткізілді, онда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы анықталған кемшіліктер қаралып, орындау жолдары мен алдағы уақытта қайталап болдырмауы талқыланды.