«ССКӨБ» АҚ апатқа қарсы жаттығу

«ССКӨБ» АҚ апатқа қарсы жаттығу

2019 жылдың 12 наурызында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департамент өкілдері «ССКӨБ» АҚ бекітілген 2019 жылға арналған оқу және апатқа қарсы жаттығулар жоспарына сәйкес, апатқа қарсы жаттығуларға қатысты. Апатқа қарсы жаттығу тақырыбы – «СМЭ дайындау жиынтығында немесе реакторының бірінде өрттің шығуы».

Апатқа қарсы жаттығулар қауіпті өндірістік объектілерде апат болғанда жұмыскерлердің іс-әрекеттерін үйрету және де апаттық жағдайлар туындағанда қажетті дағдыларды игеру, сондай-ақ апатты жоюға шұғыл қызметтері мен инженерлік – техникалық қызметкерлердің дайындығын тексеру мақсатында өткізілді.

Апатқа қарсы жаттығулар қорытындысы бойынша жиналыс өткізіліп, акт рәсімделді.