ШҚО-да ламинатталған ағаш-жаңқа плитасын шығаратын зауыт салу жоспарлануда

ШҚО-да ламинатталған ағаш-жаңқа плитасын шығаратын зауыт салу жоспарлануда

Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың "DIEFFENBACHER GMBH Maschinen-and Anlagenbau"(Германия), "Mega SMART"(Қазақстан) және "Вальтер Констракшн" ЖШҚ (Ресей) өкілдерімен кездесуінде Шығыс Қазақстан облысында ламинатталған ағаш-жаңқа плитасын өндіру жөніндегі зауыт (ДСП) құрылысы жобасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Шығыс Қазақстан облысында ламинатталған ағаш-жоңқа плитасын өндіретін зауыт импортқа тәуелді секторларда отандық өнім өндірісін ұлғайту мақсатында Қазақстан-Германия бірлескен кәсіпорны ретінде іске асырылады.

"Бұл - Индустрия 4.0 элементтері бар жоғары технологиялық, толық автоматтандырылған өндіріс. Осылайша, Қазақстанға ағаш өңдеудің заманауи технологиялары келеді. Жаңа өндіріс жиһаз саласындағы жобаға айналып, онда білікті инженерлік және жұмыс орындары ашылады", - деп атап өтті Бейбіт Атамқұлов.

Жобаның маңызы - оның экологиялығында. Ағаш санитарлық кесу арқылы алынып, орнына жаңалары отырғызылады. Зауыттың өндірістік қуаты  300 мың текше метр ламинатталған ағаш-жоңқа плитасына жеткенде отандық жиһаз кәсіпорындарының ЛДСП-ға қажеттілігін толық өтей алады.

Анықтама:

2021 жылғы қаңтар-шілдеде жиһаз өнімін өндіру көлемі 36,1 млрд.теңгені құрады, бұл номиналды мәнде 2020 жылғы тиісті кезеңнің көрсеткішінен 14,6 млрд. теңгеге жоғары. Есепті кезеңде саланың нақты көлем индексі (НКИ) едәуір ұлғайып, 117,6% құрады. НКИ өсімі саланың барлық секторларында байқалды. Бұл ретте өндіріс көлемінің барынша өсуі кеңселер мен сауда кәсіпорындарына арналған жиһаз өндірісінде (1,6 есе) және өзге де жиһаз өндірісінде (1,5 есе) тіркелді. Заттай алғанда кеңсе ағаш жиһазының (1,8 есе) және негізінен металл жақтауы бар  арнайы орындыққа арналған жиһаз өндірісі айтарлықтай (1,5 есе) артып, саланың НКИ өсуіне ықпал етті.

Жиһаз өнімдерін тұтынудың ішкі нарығы 2021 жылғы қаңтар-маусым айларының қорытындысында 234,9 млн. АҚШ долл. құрады (99,6 млрд. теңге). 2020 жылдың тиісті кезеңінің көрсеткіші 74,5 млн. АҚШ болған. Сонымен қатар, ішкі нарықта отандық тауар өндірушілер өнімінің үлесі 3,6 пайызға ұлғайып, 31,1% құрады. Бұл ретте импорттық жиһаз өнімінің үлес салмағы тұтынудың жалпы көлемінде 3,6 пайызға азайып, 68,9% құрады.