CLAAS маркалы тракторлар мен комбайндарды құрастыру

CLAAS маркалы тракторлар мен комбайндарды құрастыру

2019 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен CLAAS неміс компаниясының өкілдерімен Петропавл қаласында CLAAS маркалы тракторлар мен комбайндарды құрастыру, сонымен қатар СТ-Агро және CLAAS компаниясының бірлескен жобасын жүзеге асыру мәселесі бойынша кездесу өткізді.

Осы кеңес барысында тараптар жоғарыда аталған жобаны іске асыру бойынша бірлескен іс-қимылдар, сондай-ақ шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасын оқшаулауды ұлғайту үшін қазақстандық өндірушілерді тарту мәселелерін талқылады.

Сборка тракторов и комбайнов марки CLAAS

Сборка тракторов и комбайнов марки CLAAS