Химиялық өнімді тіркеудің өтініш формасы оңтайландырылды

Химиялық өнімді тіркеудің өтініш формасы оңтайландырылды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі химия өнімдерін тіркеу процесін оңтайландыруда.

«Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу» жөнінде көрсетілетін мемлекеттiк қызмет регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 667 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігімен 2019 жылғы 15 ақпанда №83 Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2019 жылғы 19 ақпанда№18326 тіркелген бұйрығы бекітілді. Бұйрық 2019 жылғы 19 наурызда күшіне енді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 сәуірде № 18502 тіркелген «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 667 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы бекітілді. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

Бұйрықтармен ҚР ИИДМ НҚА-не келесі өзгерістерді еңгізілу қарастырылады: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 520 «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрініңміндетін атқарушы 2015 жылғы 16 маусымдағы № 694 «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 667«Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiн бекiту туралы» бұйрықтарына өзгертулер еңгізілу қарастырылуда.

Жобалармен келесі өзгерістер қарастырылған:

  1. ИИДМ кеңсесіне қызметті алушының химиялық өнімдерді тіркеу бойыншақағазды түрде өтінішін және құжаттар жинағын беруі алынып тасталды.Химиялық өнімдерді тіркеуге өтініштің қабылдануы және куәліктің берілуі қағазы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады;

2) Химиялық өнімді тіркеуге өтініш тұрпаты оңтайландырылды.

Барлық қажетті нормативті құқықтық актілер Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің www.comprom.miid.gov.kz  парақшасында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналасқан.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмыс болашақта да жалғастырылады.

2019 жылдың 1 сәуірінен бастап химиялық өнімді тіркеуге өтініш пен құжаттарды беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, оңтайландыруға қатысты хабарландырулар ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің сайтында www.comprom.miid.gov.kz 2019 жылғы 15 наурызда орналастырылды.