
2019 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің (әрі қарай - Департамент) қызметкерлері қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама» тақырыбында жиналыс өткізілді.
Кіріспе сөзбен Департамент басшысының міндетін атқарушы Даниярбек Тусупов сөз сөйледі, сонымен қатар химия және металлургия өнеркәсібін мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы Бекмурат Тлеубеков «Сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының динамикасы мен сипаты қаралды.
Жиналыс барысында сұрақтар қойылып, жауаптар алынды және өзара пікір алмасу өтті.
Жиналыс нәтижесі бойынша «Нұр Отан» партиясының Төрағасы – Елбасы, халыққа жолдауындағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытындағы іс-әрекеттерге әр қызметкердің өз үлесін қосуы қажеттілігі туралы Департамент басшысының міндетін атқарушы Даниярбек Тусуповтың ойымен түйінделді.