ҚР ИИДМ-нің елімізде инклюзияны қамтамасыз етуге бағытталған шаралары

ҚР ИИДМ-нің елімізде инклюзияны қамтамасыз етуге бағытталған шаралары

Министрлік мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз ортаны қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі. Бұл - ҚР ИИДМ-нің бақылауында тұрған маңызды міндеттердің бірі.

Қазіргі таңда Министрлік ғимаратында көтергіштер орнатылып, есту және көру қабілеті төмен жандар үшін арнайы құрылғылар сатып алынды.

Бүкіл ел бойынша инклюзивтілікті қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

2021-2023 жылдар аралығында мүгедек жандар үшін көлік инфрақұрылымының толықтай кедергісіз қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

Министрлік жобалау және құрылыс, сондай-ақ қайта жоспарлау кезінде халықтың қауқары аз топтары үшін қолайлы орта құру үшін заңнамаға және қажетті нормативтерге бірқатар өзгерістер енгізді.

Нормативтер мынандай талаптарды белгілейді:

* елді мекендер құрылысы,

* тұрақтар,

* жүргіншілер жолдары,

* пандустар мен баспалдақтарды қамтитын кіреберістер,

* лифтілер

* басқа да көтергіш құрылғыларға, құрылыстың барлық кезеңінде ортақ пайдалану орындарына.

Автокөлік.

Елімізде 38 автовокзалдың 36-сы және 113 автостанцияның 100-і мүгедектер үшін қолжетімділік талаптарына сай келеді.

Тұрақты қалалық автобус бағдарларында 10,5 мың автобус жүреді. Оның ішінде 3,2 мыңы мүгедек адамдарды тасымалдауға бейімделген.

Өңірлерде жалпы 375 мамандандырылған көлігі бар 119 инватакси қызметі етеді.

Әуежайлар.

Биыл Қызылорда, Көкшетау, Ақтөбе және Семей әуежайларында жолаушыларды әуе кемесінің бортына дейін көтеретін жабдық сатып алынды.

Ақтөбе және Көкшетау әуежайларында көру қабілеті нашар адамдарға арналған тактильді плиткалар орнатылып, арнайы арбалар сатып алынды.

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" қосымша арбалар сатып алып, Брайль қарпі бойынша жазулар орнатты. Сондай-ақ, әуежай "Autism Kazakhstan Ұлттық қауымдастығы" ЗТБ-мен бірлесіп аутистік спектр және ментальдық дерті бар жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған технологиялық нұсқаулық әзірледі.

Осы санаттағы жолаушыларға және оларды алып жүретін адамдарға тіркеу, тексеру, төлқұжат және кедендік бақылаудың қажетті рәсімдерінен өту үшін арнайы әзірленген ланьярд беріледі.

Астана және Алматы әуежайларында мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсететін арнайы мамандар жұмыс істейді.

Теміржол.

302 вокзалдың 136-сы толығымен ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келтірілді. Оларда жүріп-тұруы шектеулі адамдар үшін жағдайлар қарастырылған.

Осы жылдың соңына дейін тағы 159 вокзалды сәйкестендіру жоспарланған.

Мұндай жолаушыларды тасымалдау үшін 44 бағытта жүретін пойыздарда 98 арнайы вагон-купе бар.

Теміржолдарда ерекше мұқтаждықтары бар жолаушыларға жеңілдіктер қарастырылған.

Айталық, "Тұлпар-Тальго" пойыздарында арнайы орындарға билеттер 70% жеңілдікпен рәсімделеді.

Сондай-ақ, барлық топтағы мүгедектер үшін, сондай-ақ ерекше балаларға әлеуметтік маңызы бар бағыттарда билеттер 50% жеңілдікпен сатылады.

Жыл басынан бері 100 мыңнан астам жеңілдетілген жол жүру билеттері сатылғанын айта кету керек.