
Қазақстан Республикасының Үкіметі жеңілдікпен автонесиелеуге 8 млрд. теңге және лизингке көліктер мен арнайы қолданыстағы көлік техникасын алатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге 2 млрд. теңге бөлу туралы мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыруға шешім қабылдады. Қазіргі уақытта аталған қаржы құралдары тұтынушылар үшін қолжетімді болып отыр.
Жеңіл автокөлік сатып алушы жеке тұлғаларды несиелендіру үшін.
Отандық автомобиль өндірісі өнімдерін сатып алу үшін жеке тұлғаларды несиелендіру шарттары:
Бағдарлама қолданылған кезден бастап және 2019жылдың 25 сәуіріне дейінгі жағдай бойынша «Қазақстан даму банкі» АҚ арқылы 61,01 млрд. теңге сомасына 14 171 өтінім келісілген. Оның ішінде алты екінші деңгейлі банктер жалпы сомасы 58,46 млрд. теңгеге 13 599 несие берген.
Бағдарламаның шарттарына сәйкес лизинг бойынша отандық өндірістің кез-келген коммерциялық техникасын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер алу мүмкіндігіне ие болады. Бағдарлама шарттары:
Қосымша шығындар (сақтандыру, сервистік және агенттік қызмет көрсету) лизинг алушының есебінен төленеді.
2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша КОБ субъектілері үшін 10,19 млрд. теңгеден астам сомаға отандық автоөндірушілер техникасының 810 бірлігін сатып алу қаржыландырылған.
Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігі жеңілдікпен автонесиелеу және лизинг бағдарламасына: белсенді түрде қолдау көрсетуде