ҚР ИИДМ: өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласының көлемі артып келеді

ҚР ИИДМ: өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласының көлемі артып келеді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында 2021 жылдың 7 айының қорытындысын баяндады. Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі өткен жылдың деңгейіне қарағанда 105,9% құрады. Оң үрдіс жалғасты.

Фармацевтика өнеркәсібі: Өндіріс көлемі 38,9% өсті. Негізінен халықтың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сұранысын арттыру есебінен болды.

Машина жасау саласы: Өндіріс көлемінің тұрақты өсуі байқалады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 122,7%. Автокөлік құралдарының, трейлерлер мен жартылай тіркемелердің (+34,7%), машиналар мен жабдықтардың (+37,8%), өзге де көлік құралдары өндірісінің (+37,7%), компьютерлердің, электрондық және оптикалық жабдықтардың (+45,8%), электр жабдықтарының (+7,2%), жөндеу мен орнатудың (+5,4%) өндірісі ұлғайды.

Қара металлургия: өткен жылмен салыстырғанда +1,6%. Болат (+25%), шойын (+17%), арматуралық прокат (+11%), көміртекті болат (+21%), ферросиликомарганец (+29%) өндірісінің көлемі өсті.

Түсті металлургия: "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Қосмұрын кенішіндегі өндірістің технологиялық желісін жоспарлы қайта жаңартуға және "Қазмырыш"ЖШС-дегі жоспарлы күрделі жөндеуге байланысты өндіріс көлемі аздап төмендеді. Қорғасын өндірісі 18%, мырыш – 6%, тазартылған мыс – 11%, мыс созбасы - 7%, тазартылған алтын - 3% төмендеді.

Нақты көлем индексі 2020 жылғы деңгейден 98,2% құрады.

Дегенмен, салада құймалардағы алтын (+12%), катодты мыс (+30 %) және түйіршіктердегі күміс (+1%) өндірісінің өсімі байқалады.

Жеңіл өнеркәсіп: киім (+18,7%) және былғары өнімдерін (+7,9%) шығару есебінен сала бойынша өсім 5,4% құрады.

Химия өнеркәсібі: өткен жылдың көрсеткішінен 1,9% көп. Өндіріс көлемі дезинфекциялық құралдар мен минералдық тыңайтқыштарға сұраныстың артуына оң әсер етті (натрий бихроматы - 2 есе, пигментті хром тотығы-56%)

Құрылыс материалдарының өндірісі: +13,2%. Жылу оқшаулағыш материалдар (НКИ 1,6 есе өсті), кірпіш (2,3 есе өсті), гипс (+43,4%), құрылыс ерітінділері (+26,3%) және портландцемент (+24,7%) өндірісі салалық өсудің драйверлері болды.

Көлік: Сала пандемия салдарынан біртіндеп қалпына келіп жатыр. Есепті кезеңде НКИ 96,9% құрады (4 айдың қорытындысында 91% болған).

Сала транзиттік контейнерлік тасымалдарда оң динамиканы сақтап отыр (+37%). Қаңтар-сәуір айларында 625,6 мың ЖФЭ тасымалданды.

Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 2 млрд тоннаны немесе өткен жылғы деңгейге қарағанда 96,8% құрады (2020 жылғы шілде - 2,12 млрд тонна).

Құрылыс: нақты көлем индексі 111,1% құрады. Барлық өңірде оң динамика бар.

Көшбасшы өңірлер - Түркістан (131,2%), Маңғыстау (118,5%), Жамбыл (116,5%) облыстары және Алматы (122,1%), Шымкент (114,6%) қалалары.

Тұрғын үй құрылысы: 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,3%. 7,7 млн шаршы метр немесе 66 014 тұрғын үй пайдалануға берілді (оның ішінде – 21 193 жеке үй).

Қайырбек Өскенбаев өткен жылмен салыстырғанда еліміздің барлық өңірінде тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі ұлғайғанын атап өтті. Баспананы тапсыру бойынша Атырау (172,5%), Жамбыл (116,4%), Шығыс Қазақстан (116,2%), Қостанай (114,6%), Қарағанды (114,4%) облыстары көш бастап тұр.

Биыл еліміз бойынша 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.