
Тағы бір отандық компания - "Альприма" туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз. Фабрика өнімдерін осы күндері теледидардан спортшыларымыздан көріп жүрміз.
Өскемен тігін кәсіпорны Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысып жатқан Қазақстан құрамасының ауыр атлеттері үшін спорттық киімдер дайындады.
Отандық компания жаттығу және жарыс процестерінің барлық талаптарына сай келетін заманауи тігін жабдықтары мен сапалы маталарды қолдана отырып, жарысқа және салтанатты шараға арналған киім шығарады.
Тігін кәсіпорны кез-келген спорт түрлерінің (командалар, клубтар, мектептер) кәсіби спортшылары үшін жабдықтардың толық жиынтығын (ойын/жаттығу және салтанатты форма) әзірлей алады.
Киімді брендтеу үшін кәсіби өндірістік жабдықтарды қолданып, қазіргі заманға сай басып шығару технологиялары қолданылады.
Кәсіпорынның тапсырыс берушілері - ШҚО Жеңіл атлетика федерациясы, "Алтай" волейбол клубы, "Торпедо" хоккей клубы, теннис орталығы және басқалары.
Компания "Қазақстанның үздік тауарлары" байқауында жеңімпаз болды. Сондай-ақ кәсіпорын өндірілетін өнімде жергілікті мазмұн жоғары екендігін растайтын СТ КЗ сертификатын алды.