Қанат Баитов "Siderex"металлургия өнімдері мен жабдықтарын экспорттаушы испан қауымдастығының өкілдерімен кездесті

Қанат Баитов "Siderex"металлургия өнімдері мен жабдықтарын экспорттаушы испан қауымдастығының өкілдерімен кездесті

ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Қанат Баитов испан "Siderex"металлургия өнімдері мен жабдықтарын экспорттаушы испан қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Кеңес барысында тараптар техногендік минералдық түзілімдерді, болаттан жасалған өнімдер желісін, қорытпалар мен металл прокатын қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы мәселелерді талқылады.

"Siderex" қызметі елдегі болат секторын кеңейтуге, сондай-ақ испан металын халықаралық нарықта жылжытуға бағытталған. Сонымен қатар, ол өз тізіміндегі корпорациялардың мүдделерін қорғайды. Қазіргі уақытта мүшелердің тізімі 60-тан астам концернді құрайды. Бұлар тікелей әр түрлі болат шығаратын және жиынтықтаушы, қосалқы бөлшектер, мыс дөңгелектер, жабдықтар, сондай-ақ шикізат өндіруге бағытталған компаниялар мен фирмалар.