
"KazInterPower-2019" энергетикалық көрмесі аясында Павлодар қаласында жылуды өндіру және кәдеге жарату, мемлекеттік қолдау шаралары, саланы цифрландыру, энергомониторинг және энергиялық тиімді технологияларды енгізу контексінде өнеркәсіптегі энергиялық тиімділіктің өзекті мәселелеріне арналған «Қазақстан өнеркәсібіндегі энерготиімді жылумен жабдықтау» тақырыбында конференция өтті.
Конференция «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ-мен әріптестікте Неміс энергетикалық агенттігі (dena) жүзеге асыратын өнеркәсіптік сектордағы энергия үнемдеу туралы ақпараттық хабардарлықты арттыру жобасының және «Энергия тиімді Қазақстан» бастамасы аясында Павлодар облысы әкімдігінің қолдауымен жалғасын тапты.
Конференцияға Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары мен салалық ұйымдарының 60-тан астам өкілдері, сондай-ақ Германия, Ресей және Украина сарапшылары қатысты. Конференцияның басты мақсаты өнеркәсіпте жылуды энерготиімді пайдалану мәселелерін салалық сарапшылармен талқылау болды.
2018 жылдың басынан бастап Павлодар облысының кешенді жоспарына сәйкес барлық энергия үнемдеу іс-шаралары сәтті жүзеге асырылды, бұл 50 мың тоннадан астам шартты отынды үнемдеуге мүмкіндік берді.
Жалпы, энергия үнемдеудің кешенді жоспарын іске асыру 2010 жылға қарағанда өңірдің жалпы өңірлік өнімінің энергия сыйымдылығын 24%-ға төмендетуге мүмкіндік берді – деп хабарлады Павлодар облысы энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысы Ержан Иманзаипов.
«Алайда, бұл саладағы сын-қатерлер әлі де жеткілікті, олардың бірі кәсіпорындардың көптеген өндірістік кешендерінің физикалық және моральдық тозуының жоғары деңгейі болып табылады» – деп атап өтті «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары Олжас Әлібеков.
Конференция барысында қатысушыларға Германияда энерготиімділікті дамыту тәжірибесі ұсынылды, ол туралы dena агенттігі энергетика бөлімінің басшысы доктор Карстен Линдлоф айтып берді, мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік энергетикалық тізілімнің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, сондай-ақ Siemens пен Данилов атындағы Свердлов Энергия үнемдеу институтының сандық шешімдері таныстырылды. Сондай-ақ, неміс кәсіпорындары энергия менеджментін енгізу мәселелерін талқылап, энерготиімді технологияларды енгізу тәжірибесімен бөлісті.



