Қазақстан-Швейцария бизнес форумында Машина жасауды дамыту барысы талқыланды

Қазақстан-Швейцария бизнес форумында Машина жасауды дамыту барысы талқыланды

Қазақстан-Швейцария бизнес форумы 2019 жылы 28 мамырда Цюрих қаласында өтті.

Іс-шараға Швейцария бизнесінің өкілдері, Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы елшісі Жанар Айтжанова, ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Бақыт Батыршаев, "Астана" халықтық қаржы орталығының, "Kazakh Invest" АҚ өкілдері, сондай-ақ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің түсті металлургия және сирек металдар басқармасының басшысы Ернар Саржанов қатысты.

Форум жұмысы аясында экономиканың түрлі салаларының өкілдерімен 10-нан астам екіжақты кездесу өтті, соның ішінде машина жасау саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетті нүктелері талқыланды.

Түсті металлургия және сирек металдар басқармасының басшысы Ернар Саржанов "Қазақстан Республикасында машина жасауды дамытудың инвестициялық әлеуеті" тақырыбы бойынша баяндамасында саланы дамытудың ағымдағы жағдайын, өсу нүктелерін, саланы одан әрі дамыту мүмкіндігі үшін алғышарттарды, заңнамалық реттеу мен инвестициялық преференцияларды белгіледі.

Сонымен қатар, 2019-2030 жылдарға бекітілген Машина жасауды дамытудың кешенді жоспарының егжей-тегжейі айтылды, оның мақсаты отандық машина жасаудың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ішкі нарықты қазақстандық өндіріс өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ экспорт деңгейін арттыру болып табылады.

Развитие машиностроения обсудили на Казахстанско-Швейцарском бизнес форуме

Развитие машиностроения обсудили на Казахстанско-Швейцарском бизнес форуме