
Форум алғаш рет саланы дамытудың тұжырымдамалық мәселелерін талқылау, тәжірибе алмасу және Қазақстандағы көмір өнеркәсібінің перспективаларын бағдарлап көру мақсатында өткізіледі. Іс-шараны ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы ұйымдастырды. Қоса ұйымдастырушы-көмір өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы.
Көмір өнеркәсібі форумы мемлекеттік органдардың басшылары, көмір өндіруші кәсіпорындар, ғылыми және зерттеу институттары, сондай-ақ халықаралық сарапшылар арасынан 250-ге жуық делегат жиналатын бірегей пікірталас алаңына айналады деп күтілуде. Іс-шара жұмысына "Богатырь Көмір" ЖШС, "Шұбаркөл Көмір" АҚ, "Қаражыра" АҚ, "Майкубен-Вест" ЖШС, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ, сондай-ақ Ұлыбритания, Германия және басқа да елдердің кәсіпорындарының мамандары қатысады.
Негізгі оқиға пленарлық отырыс болады, оның басты назарында көмір өнеркәсібінің ағымдағы жағдайы мен даму перспективасы, оның Қазақстанның отын-энергетикалық кешеніндегі рөлі, саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және технологиялық жаңғыртылу барысы талқыланатын болады.
Анықтама: көмір өнеркәсібі - Қазақстан экономикасының ең ірі салаларының бірі. Біздің еліміз дәлелденген көмір қорының көлемі бойынша әлемде 8-ші орында және өндіріс көлемі бойынша әлемде 10-шы орында тұр.