Қазақстанда тау-кен металлургиясы саласының үздіктері анықталды

Қазақстанда тау-кен металлургиясы саласының үздіктері анықталды

2019 жылғы 12 маусымда Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында мерейтойлық «Алтын Гефест» республикалық салалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жеңіске жеткен номинанттар ТМК саласының озық мамандары арасында өздерінің лайықты кәсіби жетістіктерін мойындатты және қаржылай марапатталды, ал Жылдың үздік дипломдық жұмысымен жеңіске жеткен студент тау-кен металлургиясы саласындағы дүниежүзі бойынша озық компаниялардың біріне тәжірибелік жұмысқа қабылданды.

«Алтын Гефест» сыйлығы Қазақстанның тау-кен металлургия саласының ең беделді марапаты болып табылады. Он жыл бұрын «Алтын Гефест» сыйлығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа табысталған болатын, сондықтан ол конкурстың болашақ қатысушыларының жобаларына кәсіби және шығармашылық талаптардың жоғары деңгейін білдіреді.

Бүгінгі таңда салада 350-ден аса тау-кен және 270 металлургиялық компаниялар жұмыс жасауда, 200 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

2019 жылы «Алтын Гефест» сыйақысын алуға 184 геология, тау-кен және металлургия саласындағы мамандар, жобалық, ғылыми, оқыту мекемелері және кәсіпорындарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тау-кен металлургиясы саласы туралы жазатын тілшілер үміттеніп отыр.

«Алтын Гефест-2019» 13 номинациядан тұрады, оның жүлдегерлері қатарында мамандар мен сарапшылардан бөлек, бизнес-процестерде жаңа тәсілдерді қолданған алпауыт компаниялар да бар. Олар: Жыл кәсіпқойы (Жыл геологы, Жыл кеншісі, Жыл металлургы), Жыл жобасы, Инновациялар бойынша жыл көшбасшысы, Қазақстандық мазмұн құрамы бойынша көшбасшы, Жылдың ғалым-педагогы, Жылдың дипломдық жұмысы, Жыл медиа-жобасы (Баспа және интернет-ресурстардағы ТКМ туралы үздік журналистік жұмыс, ТВ-дағы ТКМ туралы үздік журналистік жұмыс, ТКМ-де Адам еңбегі туралы үздік журналистік жұмыс ((Еуразиялық Топ (ERG) арнайы сыйақысы), ТКМ-дегі үздік digital-шешім (Еуразиялық Топ (ERG) арнайы сыйақысы) және Үздік шетелдік серіктес номинациялары..

Салтанатты марапаттау рәсімі барысында жеңімпаздардың есімдері белгілі болды.

«Жыл геологы»атағы үшін мамандықтың 20-дан аса озық өкілдері сынға түсті. «Асбест геологиялық барлау мекемесі» ЖШС бас директоры Джафаров Низами Наджафоглы үздік деп танылды. Ол хризотил-асбесттің пайда болуының геологиялық-генетикалық үлгісін және кен орнын сақтауды ойлап тапты, Қазақстанның минерагениялық аудандарының картасын әзірлеп және Республикадағы хризотил-асбесттің минералды-шикізаттық әлеуетін анықтады. Бүгінгі таңда оның басшылық етуімен Қазақстан және Ресей аумағында көптеген кен орындарын зерттеу бойынша геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде.

«Жыл кеншісі» номинациясының жеңімпазы «Коппер Технолоджи» ЖШС техникалық директоры - бас инженері Чернобровкин Игорь Юрьевич атанды. Өзінің қызмет жылдарында ол бұрғылап-жару жұмысының параметрлерін оптимизациалады, бұл өз кезегінде қума метрден шығатын өнімді арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ол кен шығарылатын орынның шекті жиегінде кен құламаларын өңдеу технологияларын әзірледі, сондай-ақ кенді сапалы орталықтандыру үшін кен қоймаларын қайта құрды.

«Жыл металлургы» болып «Kazakhmys Smelting» компаниясының Балқаш мыс қорыту зауытының бас инженері Қасымбеков Бексұлтан Жұмагелдіұлы танылды. Бексұлтан Жұмагелдіұлы компанияның мыс қорытатын өндірісінде агрегаттар мен технологияларды қайта құру және жетілдіру бойынша жұмыстарға белсенді қатысты. Жезқазған мыс қорытатын зауытта КҚП-і жаңғыртуға белсенді қатысты. Қазіргі уақытта қорытудың осы технологиясы Жезқазған шикізатын толық қайта өңдеу мүмкіндігі бар жалғыз технология болып табылады.

«Жыл жобасы» - «Цифрлық кенші» атағының иегерлері, «Алтыналмас» Акционерлік қоғамының қызметкерлері. Жоба цифрлық технологияларды және 4.0 Индустриясының элементтерін енгізу шегінде жүзеге асырылады. Жобада жер асты және ашық кен жұмыстарын автоматтандыру, алтын өңдейтін компания фабрикаларын автоматтандыру, онлайн режимде өндірістік процесс туралы ақпарат алу мүмкіндігі арқылы интеграцияның бірнеше деңгейлерін автоматтандыру және шешім қабылдау үшін күрделі талдамаларды орындау қарастырылған.

«Қазақстандық мазмұн құрамы бойынша көшбасшылар» номинациясын табиғи ресурстарды қазу және қайта өңдеу бойынша халықаралық ірі компания - «Востокцветмет»ЖШС-ң «Kaz Minerals» тобы иеленді.

«Инновациялық көшбасшы» атағын«Ғылыми әзірлемелерді өңірлік және халықаралық инновациялық ортаға біріктіру» жобасы арқылы «Қазақстан Республикасының минералды шикізатын кешенді қайта өңдеу бойынша Ұлттық орталық» иеленді.

Ерекше күтілген жаңа номинация «ТКМ-де үздік digital-шешім болып табылады» («ERG» компаниясының Алтын серіктесінің арнайы сыйақысы). «Казцинк» компаниясы және оның «Жаңа бизнес – талдау» жобасы номинация жеңімпазы атанды. Аталған жоба «Altyntau Kokshetau» алтын өндіретін компаниясының негізінде іске қосылды, ол «Казцинк» компаниясының еншілес компаниясы болып табылады. Жаңа бизнес – талдау геологиялық барлаудан басталып байыту фабрикасында дайын өнімді шығарумен аяқталатын барлық процестерден тұратын, ауысымдық-тәуліктік өндірістік есептілікті толық автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Сыйақымен марапаттау барысында сала үшін жоғары білікті кадрларды дайындайтындарға да құрмет көрсетілді – «Жыл ғалым-педагогы» болып Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының профессоры, академик, техника ғылымдарының докторы Исагулов Аристотель Зейнуллинович таңдалды.

Талантты жас кадрлар – мемлекеттің ТМК саласының болашағы да назарсыз қалған жоқ, «Жылдың дипломдық жұмысы» номинациясын «Кентіректерді жобалау үшін біріктірілген, автоматтандырылған веб құрал» тақырыбындағы дипломдық жұмыстың авторы Маденова Еркежан Кенжебекқызы иеленді. Еркежан биылғы жылы Назарбаев Университетінің Тау кен ісі және жер ғылымдары мектебін үздік аяқтады. Сонымен қатар Еркежан марапатпен қатар Еуразиялық топтың (ERG) жас мамандарының бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды

Журналистиканың біздің өміріміздің барлық салаларында және тау-кен металлургиясы саласы үшін де ерекше маңызға ие. Ең көп күткен номинациялардың бірі журналистерге арналды.

«Жыл медиа-жобасы Баспа және интернет-ресурстардағы ТКМ туралы үздік журналистік жұмыс» деп Карягина Светлана Александровнаның «Барлығы тек қана теория негізінде жұмыс істеуде» атты мақаласы танылды.

«ТВ-дағы ТКМ туралы үздік журналистік жұмыс» сыйақысына Азғанбаев Жалғас Базарбайұлы және оның «26-шы элемент» деп аталатын документалдық фильмі ие болды, онда Еуразиялық топқа енген Қазақстанның темір-кенінің алыбы - Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірісінің бірлестігі батырларының өмірі көрсетілген.

Еуразиялық топтың (ERG) «ТКМ-де Адам еңбегі туралы үздік журналистік материал» арнайы сыйақысымен «Тау-кен металлургиялық өнеркәсібі» журналында жарияланған «Мирасқорлық бойынша металлургия» материалының авторы Викторя Ляхова марапатталды.

«Үздік шетелдік серіктес» номинациясын FLSmidth компаниясы жеңіп алды, ол Қазақстан нарығында KazMinerals-пен және оның серіктес компанияларымен ынтымақтасып жұмыс істейді. FLSmidth инженерлерінің Ақтоғай и Бозшакөл кен орындарынан тұрақты түрде табылуы жергілікті қызметкерлерге технологиялық жабдықты жеткізу және қызмет көрсету бойынша дүниежүзілік көшбасшының технологиясы мен жабдығы туралы озық білімдерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Аталған сыйлықақының беделі жыл сайын артып келе жатқанын атап өту керек. Он жыл ішінде 120-дан аса мамандар мен сала ұйымдары марапатқа ие болды. Қазақстанда 2018 жылы Дүниежүзілік Тау-кен Конгресін өткізудің арқасында «Алтын Гефест» сыйақысы дүниежүзілік құрметке ие болды. Ол ең алдымен Инвестициялар және даму министрлігінің жан-жақты қолдауының арқасында және іс-шараның басты серіктесі - Еуразиялық Топтың (ERG) арқасында мүмкін болды.

В Казахстане выбрали лучших работников горно-металлургической отрасли

В Казахстане выбрали лучших работников горно-металлургической отрасли

В Казахстане выбрали лучших работников горно-металлургической отрасли

В Казахстане выбрали лучших работников горно-металлургической отрасли

В Казахстане выбрали лучших работников горно-металлургической отрасли

В Казахстане выбрали лучших работников горно-металлургической отрасли

В Казахстане выбрали лучших работников горно-металлургической отрасли

В Казахстане выбрали лучших работников горно-металлургической отрасли

В Казахстане выбрали лучших работников горно-металлургической отрасли