«Аяқ киім тауарларын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау мен олардың қадағалануы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бұйрығының жобасына Баспасөз релизі

«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 2) тармақшасына сәйкес Министрлік «Аяқ киім тауарларын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау мен олардың қадағалануы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бұйрығының жобасын әзірледі.

Осы бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінің жұмыс істеуін жедел қамтамасыз ету мақсатында аяқ киім тауарларын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау және қадағалау тәртібін айқындайды.

Жоба 2021 жылғы 31 наурызда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7784858).