
Ағымдағы жылы Қарағанды өңіріндегі "Qaz Carbon" (Каз Карбон)" ЖШС кәсіпорны агломерациялық фабрикасы бар жаңа ферроқорытпа зауытының жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 57 мың тонна ферроқорытпа мен 240 мың тонна марганец агломератын құрайды.
Жаңа зауыттың құрылысы шеңберінде экономиканы технологиялық жаңғырту және өнеркәсіпті цифрландыруды көздейтін Индустрия 4.0 бағдарламасының барлық параметрлеріне сәйкес келетін әлемдік технологиялық әзірлемелерді қолдану және жаңа жабдықтарды орнату жоспарланған. Өндіріс процесі толығымен автоматтандырылады.
Жаңа зауыт өнімдеріндегі қазақстандық қамту үлесі 100% - ды құрайтыны өте маңызды фактор болып табылады. Әлемдік жоғары сапа талаптарына сәйкес келетін өндірілетін өнім толығымен экспортқа бағдарланатын болады. Негізгі тұтынушылар АҚШ, Еуропа, Жапония, Корея, Түркия және ТМД елдері. Осыған байланысты, аталған жобаны іске асыру еліміздің экспорттық әлеуетін арттырып қана қоймай, ұлттық экономиканың дамуына үлес қосады.
Сонымен қатар, бұл жобаның бірегейлігі зауыт экологиялық таза болатындығында: өндіріс процесінде ауаны ластамайтын газ тазарту жүйесі қолданылады және қалдықтардың пайда болуын азайту, оларды қайта пайдалану қағидаттарының арқасында қоршаған ортаға ең аз әсер етеді.
Осындай ауқымды жобаны іске асыру елдің өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған, сондай-ақ ел Президентінің инвестицияларды тартуға және осы саладағы еңбек өнімділігін арттыруға тікелей тапсырмаларын орындауға ықпал етеді.
"Qaz Carbon" ЖШС (Қаз Карбон)" — 0-3мм., 0-10 мм., 3-10 мм. және 10-25 мм фракциясының таскөмір коксын сұрыптауды, ұсақтауды және тиеуді жүзеге асыратын қазіргі заманғы кәсіпорын. Өндірістік қуаты — айына 20 мың тонна кокс. Зауыт өнімдері еліміздің аймақтарына және ТМД елдеріне жеткізіледі.
Кәсіпорынның құрылуы барысында дайын өнімнің сапасына, жеткізу мерзіміне, өзіндік құнына және т. б. жағдайлаға әсер ететін факторлар егжей-тегжейлі қарастырылып, барынша заманауи талаптарға сай жасалды.
Кәсіпорынның құю өндірісі Қарағанды құю зауытының базасында ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта құю зауыты-дамыған инфрақұрылымы және жоғары білікті қызметкерлері бар өндіріс ошағы.
Зауытта конструкторлық бөлімнің болуы технологиялық жобалауды жүзеге асыруға және тапсырыс берушілердің жеке сызбалары бойынша тапсырыстарды орындауға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның технологиялық қуаты шойын және болат өнімдерін конвейерлік әдіспен өндіруге, сондай-ақ қолмен қалыптаудың жеке құймаларын жасауға мүмкіндік береді.
Бүгінде кәсіпорынның негізгі өнімі байыту фабрикалары үшін диаметрі 40-100 мм шойын ұсақтаушы шарлар, құрылыс саласы кәсіпорындары үшін шойын цильпебстер, теміржол көлігі үшін тежегіш қалыптар, сондай-ақ фасонды құю болып табылады.