ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің ұжымы Бекбол Орынбасаровты жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтайды және жұмысына сәттілік тілейді

ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің ұжымы Бекбол Орынбасаровты жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтайды және жұмысына сәттілік тілейді

ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің ұжымы Бекбол Орынбасаровты Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалуымен құттықтайды.

Бекбол Орынбасаров 1971 жылы Форт-Шевченкода дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1993 жылы Маңғыстау облыстық кеден басқармасынан Форт-Шевченкодағы "Баутино" кеден бекетінің инспекторынан бастаған.

1996 жылдан 1998 жылға дейін банк және қаржы секторында еңбек етті. 1999 жылы Ақтау әкімдігінде Ақтау қалалық әкімшілігінің мүлікті басқару бөлімінің бас маманы болып жұмыс істей бастады.

2005 жылға дейін Ақтау әкімдігінде түрлі лауазымдарды атқарды. Кейін Ақтау әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2006 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Ішкі әкімшілік департаменті бухгалтерлік есеп және кадрлық жұмыс, ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы болды.

2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Ақтау теңіз порты» Арнайы экономикалық аймағы» АҚ Басқарма төрағасы болып жұмыс істеді. Бекбол Орынбасаровтың басшылығымен «Ақтау теңіз порты» АЭА дамудың жаңа кезеңіне өтті. АЭА дамуының нысаналы индикаторларының өсуі байқалады, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосуда. Бұдан бөлек, бүгінгі таңда әлеуетті инвесторлармен алдағы үш жылға келісімге қол жеткізілді.

Сіздің кәсіби тәжірибеңіз, басқарушылық және ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз осы жоғары және жауапты лауазымда айтарлықтай жетістіктерге жетуге мүмкіндік берері сөзсіз. Сізге жаңа қызметіңізде сәттілік тілейміз!