
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде «ҚР ИДМ бұрын бекіткен бұйрықтарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу жұмыстарын жүргізу» тақырыбында техникалық кеңес өткізілді.
Кіріспе сөзбен Департамент басшысының орынбасары Б.М.Олжабаев сөз сөйледі және салааралық қадағалау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау бөлімінің басшысының міндетін атқарушы М.С.Икиннің баяндамасы тыңдалды.
Техникалық кеңес барысында жұмыс тобы құрылды. Оған мүше болған ұйымдардың өкілдері: Рыспаев С.Ж. – «Қазақстан жарылысшы-инженерлерінің ассоциациясының» басшысы, Давлетпаков М.Ж. – «Азимут Энерджи Сервисес» АҚ бас директоры, Селяков А.А. – «АлмаДК» ЖШС инженері, Захарян А.В. – «Промвзрыв» ЖШС менеджері, Гуменная Е.А. – «ВзрывЭкспертиза» ЖШС сынақ лабораториясының басшысы, Қошқарбаев А. – «ААМЖЗ» АҚ инженері, Жақсылықов М.Е. – «Алматыметроқұрылыс» АҚ инженері, Бердинов А., Ольшанский Е., Кондиенко Е. - «Интеррин» ЖШС инженерлері, Маханов Б. – «Шалкия Цинк» ЖШС жобалаушы-инженері, Перцов Н.Н. – «Искра-Сервис» ЖШС инженері.
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді талқылау барысында отырысқа қатысқан «Интеррин» ЖШС өкілдері мен «Қазақстан жарылысшы-инженерлерінің ассоциациясының» басшысы ұсыныстар ұсынды. Қалған қатысушылар оларды қолдайтынын жеткізді.