«Семізбай-U» ЖШС-нің «Иіркөл» кенішіне өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына кешенді тексеру жұмыстары жүргізілді

«Семізбай-U» ЖШС-нің «Иіркөл» кенішіне өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына кешенді тексеру жұмыстары жүргізілді

ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласыңдағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемшарттары мен қауіпті өндірістік объектілерді жарты жылдық тексеру жоспары негізінде Қызылорда облысында орналасқан «Семізбай-U» ЖШС-нің «Иіркөл» кенішіне өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына кешенді тексеру жұмыстары жүргізілді.

«Семізбай-U» ЖШС-нің құрылтайшылары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (51%) және ҚХР мемлекеттік мүлікті бақылау мен басқару Комитетімен басқарылатын China General Nuclear Power Group (CGN) еншілес мекемесі болып табылатын Beijing Sino-Kaz Uranium Resources Investment Company Limited (49%) мекемесі.

«Семізбай-U» ЖШС екі кеніште пайдалы қазбаларды өңдіруге құқылы. Олар:

«Семізбай» кеніші- Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы мен СҚО Уәлихан ауданы.

«Иіркөл»кеніші – Қызылорда облысының Шиелі ауданы

Персоналдың саны 565 адамды құрайды.

«Иіркөл» кенішін тексеру барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 56 заң бұзушылықтар аңықталып, геотехнологиялық алаң басшысы, уранды өнімнің ерітіндісін өңдеу цех басшысы, бас механик, КЖ бөлімінің маманы,  физико-химиялық зертхана басшысы мен ТЖ маманы 6 әкімшілік тәртіпке тартылды. Соңымен қатар, қауіпті өндірістік объектілердің жобалық құжаттарын жасамай, уәкілетті органның келісімін алмай қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізгені үшін «Семізбай-U» ЖШС заңды тұлға ретінде 100 АЕК айыппұл салынды.

Тексеру барысыңда Комитеттің мамандары Иіркөл кенішінің инженерлік техникалық мамандары мен басшылығына  өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жаңадан енгізілген Қазақстан Республикасы заң талаптары мен нормаларын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру қорытыңдысы бойынша «Иіркөл» филиалының директоры Комитеттің қызметкерлерінің кәсібтік уәкілеттіліктерін айта келе, жүргізілген текесеру үшін алғысын жеткізді.