
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің тапсырмасы бойынша (бұдан әрі - ҚР ИДМ ИДӨҚК) 2016 жылдың 18 қазанында ҚР ИДМ ИДӨҚК Атырау облысы бойынша департаментінде қауіпті өндірістік объектілерді техникалық қайта жарақтандыру мақсатында 2016 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша жиынтық жоспарды орындау жөнінде Техникалық қеңес өткізілді.
Аталған жиналыста «Тенгизшевройл» ЖШС, «АМӨЗ» ЖШС, «КазТрансОйл» АҚ БФ, «Эмбамунайгаз» АҚ, «Интергаз Центральная Азия» АҚ, «Заман-Энерго» ЖШС, «Алтиес Петролеум Интернешнл Б.В.» КАФ ЖШС , «Самек Интернешнл» ЖШС, «Прикаспиан Петролеум » ЖШС, «Матен Петролеум» ЖШС кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Кәсіпорындар өкілдерінің баяндамаларын тыңдап және жоспарланған тапсырмаларды талқылап, қауіпті өндірістік объектілерді техникалық қайта жарақтандыру бойынша 2016 жылға арналған жиынтық жоспарды толық орындау және шараларды орындауды қамтамасыз ету мақсатында Департамент тарапынан ұсынымдар берілді.