
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қантарындағы №541-IV Заңының7 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 16.06.2016 жылғы №493 бұйрығы негізінде 2016 жылдың 3 тоқсанына арналған іріктеп тексерулер тізіміне сәйкес ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Эмбамұнайгаз» АҚ өнеркәсібіне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласы бойынша 2016 жылдың 24 тамызынан 20 қыркүйекке дейін іріктеу тексерісін жүргізді.
Тексеріс кезінде «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қантарындағы №541-IV Заңының талаптарын сақтамаған 43бұзушылық анықталды.
«Эмбамұнайгаз» АҚ-нақатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып 400 АЕК айыппұл салынды.