
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен 2016 жылдың 19-шы қазанында Комитеттің Департамент басшысының орынбасары Б. Олжабаевтың төрағалығымен Алматы қаласы қауіпті өндірістік объектілері бар мекемелердің өкілдерінің қатысуымен «Ағымдағы жылдың 9 ай бойынша қауіпті өндірістік объектілерді техникалық қайта жабдықтану бойынша Жиынтық жоспарды орындау» тақырыбы бойынша Техникалық кеңес өткізілді.
Кеңесте 2016 жылдың 9 ай бойынша қауіпті өндірістік объектілерді бойынша техникалық қайта жабдықтану Жиынтық жоспарды орындауынын қорытындылар сұрағы қарастырылды.
ҚР ИДМ ИДжӨҚК Департаментінің басшысының орынбасары Б. Олжабаевтың алғашқы сөзінен кейін Техникалық кеңестің тақырыбы бойынша Көтергіш құрылыстарға мемлекеттік қадағалау бойынша бөлімінің басшысы Г. Бабаев және Қазандық және газдық шаруашылығының объектілеріне мемлекеттік қадағалау бойынша бөлімінің бас маманы Г. Джумагазиева сөз алды.
2016 жылдың 9 ай бойында қауіпті өндірістік объектілерді техникалық қайта жабдықтану бойынша Жиынтық жоспарды орындау бойынша өткізулудегі жұмыс туралы баяндамалармен кәсіпорындардың өкілдері сөз алды:
- Крупский Анатолий Тимофеевич «Халықаралық әуежай Алматы» АҚ-ның арнайы көлігі қызметінің жөндеу механикалық шеберхананың бастығы
- Тимофеев Виктор Юрьевич - «Евразиан фудс корпорейшн» АҚ-ның өндірістік қауіпсізідік қызметінің бастығы;
- Папафанасопуло Анастасий Георгиевич «КазФерросталь» ЖШС-нің бас инженері;
- Кривошеев Владимир Владимирович«Бахус» АҚ-ның өнеркәсіптік қауіпсіздігінің және ТҚ бойынша инженері
- Васильев Федор Николаевич «Рахат» АҚ-ның қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша инженері
Техникалық кенесінің қорытындылары бойынша шешімдер қабылданды:
1) Нормативтік қызметін өтеғен техникалық құрылғыларды уақыттылы жаңартуына ұйымдармен қамтамасыз ету бойынша үнемі назар аудару.
2) Қауіпті өндірістік объектілерде техникалық құрылғылардын пайдалануына өндірістік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындамеморандумдарды жасау.
3) Қауіпті өндірістік объектілерде қауіпті техникалық құрылғыларды қайта жабдықтауды, түбегейлі жөндеуді, модернизациялауды, консервациялауды, жоюды уақыттылу өткізу және ақпаратын ұсыну.
4) 2016 жылға арналған қауіпті өндірістік объектілерді техникалық қайта жабдықтану жоспарды толығымен орындау бойынша шараларды қолдануды қамтамасыз ету.
