
2016 жылғы 28 қазанында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментімен басшының міндетін уақытша аутқарушы Е.В. Мартыненконың төрағалығымен 2016 жылғы 9 ай бойынша техникалық қайта жарақтандыру Жиынтық жоспарын орындау мәселесі бойынша Техникалық кеңес отырысы өткізілді. Отырысқа Жиынтық жоспарды орындалмауына жол берген «ССКӨБ» АҚ өкілдері шақырылды.
«ССКӨБ» АҚ өкілдері техникалық қайта жарақтандыру Жиынтық жоспарын орындамау себептерін түсіндіріп, 2016 жылдың 9 айы бойынша орындалмаған позицияларды ескере отырып осы мәселені шешу үшін перспективті жоспарларын, сонымен қатар Жиынтық жоспардан тыс алынған жабдықтар мен техника туралы айтып өтті.
