«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін тексеру

«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін тексеру

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының сақталуы бойынша «Өскемен титан-магний комбинат» АҚ объектілерінде кешенді тексеру Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша аймақтық мемлекеттік инспекторлардың қатысуымен Комитет ағымдағы жылдың19 қыркүйегінен 28 қазанына дейін, ҚР Бас прокуратурасының ғаламтор-желісінде ресми салынған 2016 жылдың екінші жарты жылдығына арналған өнеркәсәптік қауіпсіздік саласындағы қатаң тәртіптегі тексеру кестесіне сәйкес тексеру жүргізілді.

«Өскемен титан-магний комбинат» АҚ объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының сақталуы мәселелері бойынша кешенді тексеру нәтижесінде:

209 бұзышылық анықталды;

27- айппұл салынды жеке және бір заңды тұлғаға 562,065 тг. сомасында.

Негізгі мәселелер:

1. Қолдану мерзімі біткен № 0510473 тір.№1, № 0510472 тір. № 2 (1980 ж.ш.), №0510473 тір.№3 (2002 ж.ш.) вакуум-шөміштерді одан әрі пайдалану үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасынан өтпеген.

2. Қолдану мерзімі біткен № 0500063 тір.№1, № 0500064 тір.№ 2 (1975 ж.ш.), №0500065 тір.№3, № 0500066 тір.№4, № 0500067 тір.№5 (1965 ж.ш.) вакуум-шөміштерді одан әрі пайдалану үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасынан өтпеген.

3. Аттестацияланған ұйыммен қорлдану мерзімі біткен техникалық құрылғыларды әрі қарай қолдану мүмкіндігі барлығын анықтау үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасынан өткізілмейді. (дистилляциялау, тотықсыздандыру пештері) Технологиялық жабдықтардың қолдану мерзімі кәсіпорын мамандарының актісі бойынша ұзартылады.

4. Орнатылған тәртіп бойынша келісімделген, бекітілген келесі жобалар ұсынылмады: қышқыл және негіздік шайындылады айдайтын № 9 цехтың № 9 эстакадасын қайта құру жобасы;

- № 14 цехтың құйманы жуатын учаскенің қайта құру жрбасы;

- № 11 цехтың ИБ 1430Б қаңылтыр өңдеу қысқышын орнату жобасы;

- № 11 цехтың 4 RHSS 460 қаңылтыр өңдеу станогының жобасы;

- № 11 цехтың қаңылтыр өңдеу станогының жобасы;

5. №№ 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 цехтардың ғимараттары мен құрылғыларының жағдайына өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы жасалмаған.

Тексеру аяқталысымен «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ техникалық директорының міндетін атқарушы С.К. Әбішевке тексеру нәтижесі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың бұзылуын жою үшін нұсқама берілді.