ERG Еуразиялық тобы инноваторларының тұңғыш форумы өтті!

ERG Еуразиялық тобы инноваторларының тұңғыш форумы өтті!

2016 жылдың 2 қарашасында ERGЕуразиялық тобыинноваторларының тұңғыш форумы өтті. Топтың 200-ден аса қызметкері, атап айтқанда, инженерлері, механиктері, IT-мамандары мен менеджерлері өндірістің операциялық тиімділігін арттыруға арналған ең үздік идеяларымен бөлісті. Форум аясында Ең үздік жаңашыл жобалар байқауы өткізіліп, жеңімпаздар еліміздің жетекші техникалық жоғарғы оқу орнында біліктілігін көтеру мүмкіндігіне ие болды.

Форум инновациялық форматта өтті.  IT-мамандар мен ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі мамандар CTF (Capture the flag) форматында Хакатон өткізді. Хакатон кезінде мамандар корпоративтік ақпараттық жүйелерді құру, оларды бұзып кіру және беделін түсіруге арналған тәсілдерді қолдану саласындағы тәжірибелік дағдыларын байқатты

«Еуразиялық топ 2030 жылы» атты іскерлік жобалау сессиясында делегаттар мен Форум байқауына қатысушылар компанияның болашағын жобалады. Қызметкерлердің топтық «ми шабуылы» кезінде стратегиялық жоспарларды дайындау кезінде қолдануға болатын қажетті идеялар анықталды.

Ал елорда студенттері мен  ERG кәсіпорындарының жас мамандары «Өндірістегі жаңашылдық: уақыт пен қорды босқа жұмсау ма, әлде кәсіпорынның инновациялық дамуының кепілі ме?» деген тақырып аясында пікір жарыстырды.

«Қазіргі заманғы экономика жағдайында оңтайландыру және автоматтандыру өндірісті дамытудағы аса маңызды факторлардың біріне айналып отыр. Бүгін осы мәселені күнделікті жұмысында шешіп жүрген, қандай инновациялар жұмыс жасай алады, ал  қайсысы ешқандай нәтиже бермейтіндігін жақсы айыра білетін қызметкерлердің бас қосып отырғандығы да керемет», - деп атап өтті Форумнның ашылу салтанатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриалдық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Қанат Байытов.

Қазір Еуразиялық топта 2014 жылы басталған ауқымды бизнес өзгерістер жүруде. Бұл шара SAP атты кәсіпорынды басқаруға арналған озық жүйені ендіру арқылы бизнес-үрдістерді стандартқа келтіру, ақпарат пен есептемелерді ұсынуды шапшаңдату, айқындылықты арттыруға бағытталған.

Экономика өсімі баяулаған осы қиын кезеңде  ERG өндіріс көлемінің төмендеу қаупін азайтуға, жұмыс орындарын сақтауға, шығарылып отырған өнімдердің сапасы мен жабдық өнімділігін ұлғайтуға, операциялық шығындарды төмендетуге, қарыз қаражатын оңтайландырып, өтімділікті қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр. Өндірістік үрдістердің тиімділігін арттыру және кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендетуге арналған «10% жобасы» осы бағытта жасалған жарқын бастамалардың біріне айналды. Жоба өткен жылы бастау алып, қазірдің өзінде өз жемісін беріп отыр: жобаның биылғы жылдың өзіндегі  жиынтық экономикалық әсері 7 млрд теңгені құрады. Бағдарлама аясында барлығы 500-ге жуық жаңашыл жобаға бастама берілді.

«Қазір тыңғылықты өндіріс жүйелерін құру және тиімділікті арттыру мәселесі әсіресе өзекті болуда. Сондықтан біздің бағдарлама уақыт талаптарына жауап береді:  инновациялық жобаларды ендіру жолымен  өндірісті оңтайландырып қана біз ары қарай дамудың қозғалтқышын іске қоса аламыз», - деді «Еуразиялық топ» ЖШС операциялық тиімділік жөніндегі директоры  Сергей Опанасенко.

ERG инноваторлары форумы аясында Байқауға қоршаған ортаға тасталатын өнеркәсіптік қалдықтарды азайту, логистикалық шығындарды төмендету, құрамындағы зиянды заттар мөлшері өте жоғары шаң-тозаңды кәдеге жарату, автоматтандырылған үрдістерді көтеруге арналған т.б. жобалар  жіберілген болатын. Жобалардың ауқымы да әртүрлі болды, атап айтқанда, олардың арасында жүкті өзі аударатын карьерлік машиналарға арналған арнайы құрылғыларды құрастыру және тетіктердің бөлігін толығымен ауыстырудың орнына, оларды қайта қалпына келтіру технологиясынан бастап, темір-кен карьерін қайта құру және өндіріске энергия тиімділігі жоғары технологияларды ендіруге арналған жобаларға дейін болды.

Байқауға Дон тау-кен байыту комбинаты, Ақтөбе және Ақсу ферроқорытпа зауыттары, «Қазмырыш» кен басқармалары - «Қазхром» ТҰК» АҚ, «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ, «Қазақстан аллюминиі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Еуроазия энрегетикалық корпорациясы» АҚ, «Шұбаркөл көмірі» АҚ филиалдары, сондай-ақ, Павлодар машина жасау зауыты - «ERG Service» АҚ филиалы, «Транском» Көлік тобы секілді  Еуразиялық топтың құрамына кіретін ең үздік жаңашыл кәсіпорындар қатысты.

Жеңімпаздар «Арзандау жаса», «Өнімділікті ұлғайт», «Сапаны жоғарылат», «Қауіпсіздікті арттыр», «Экологияны сақта» атты аталымдар бойынша іріктеліп алынды.

Сонымен қатар, Форум аясында  арнайы ұйымдастырылған шеберлік сабағында  ERG қызметкерлері инновациялық жобаларды коммерциялаудың қыр-сырын танып, тыңғылықты өндіріс негіздерін, таныстырылым жүргізу өнерін, шығармашылық тұрғыда ойлай білуді, жалпы айтқанда, идеялар мен жобаларды ойлап тауып, оларды ендіру үрдісін қалай дұрыс ұйымдастыру керектігін үйренді. Топ ірі іс-шаралар қарсаңында жұмысшыларға арнап осындай шеберлік сабақтарын тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр. Осылайша «ERG академиясының» негізі салынбақ.

ERG инноваторлары форумы жыл сайын өткізіледі деп көзделуде.