
«ҚР ИДМ Индустриялдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің жемқорлыққа қарсы және заңсыз іс-әрекетті болдырмау бойынша жүргізілетін жұмысы» (Тараз қаласы, 02.11.16 ж) тақырыбында өткен кәсіби оқу туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік инспекторларының кеңесінің хаттамасын қызметкерлердің назарына жеткізу (Тараз қаласы, 02.11.16 ж)» тақырыбында кәсіби оқу өткізілді.
Кіріспе сөзбен Департамент басшысының міндетін атқарушы Б.М.Олжабаев және әкімшілік-қаржылық жұмыс бөлімінің бас маманы А.Б Тойшибеков сөйледі.
Департамент қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, құқық бұзушылық, заңсыз іс-шараларға қарсы жұмыстар жасау жайында талқылады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлерінің талқылау қорытындысы бойынша;
- Мемлекттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ерекше назар аударту, инспекторлардың өнеркәсіптік саласындағы білімін арттыру ;
- Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын қатаң орындалуын қамтамасыз ету үшін, іс-қимыл жоспары «Нұр-Отан» ХДП жанындағы республикалық қоғамдық кеңестің ұсынымдарын іске асыру;
- Кәсіпорындарды тексеру кезінде жемқорлыққа қарсы және болдырмау мақсатында, Кәсіпкерлік Кодекс, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін қатаң сақтау бойынша, мем.инспекторлардың құрамымен тұрақты түрде күнделікті нұсқамалық хаттамасын жүргізу;
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті