
«Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптегі жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін қадағалау жөніндегі департаменті мен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің 2015-2017 жылдарға арналған бірлескен іс-шараларын» іске асыру бойынша 2016 жылға арналған Жоспар шеңберінде «Химия кешені объектілеріндегі өндірістер құрамындағы улы, жоғары улы заттарды сақтау объектілеріндегі қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнінде тәжірибе алмасу» тақырыбы бойынша 2-3 қарашада Тараз қаласында семинар-мәжіліс өтуде.
Семинар-мәжіліс жұмысына Беларус Республикасы Госпромнадзордың, Ростехнадзордың делегациялары және Комитеттің аумақтық департаменттері басшылары, химия саласындағы ірі кәсіпорындардың өкілдері: «Казфосфат» ЖШС, «Еврохим-Удобрения» ЖШС, «УКТМК» АҚ, «Ульбинский металлургический завод» АҚ, «КазАзот» ЖШС, «Талас Инвестмент Компани» ЖШС өкілдері, мамандандырылған сараптамалық ұйымдар қатысуда.
«Казфосфат» ЖШС-нің минерал тыңайтқыштар зауытында кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметімен оқу-жаттығу өткізу жоспарланған.
Осы семинар-мәжілісінің өткізу келешектеғі өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін жоғарлатуға, өнеркәсібінің химия саласында техногендік аварияларды алдын алу және адам шығыны мен материалдық зиянды азайтуға ықпал ететін болады.
