Қазақстан Экспорттық бақылау жөніндегі он бесінші халықаралық конференцияға қатысты

Қазақстан Экспорттық бақылау жөніндегі он бесінші халықаралық конференцияға қатысты

Ағымдағы жылғы 2-4 қараша аралығында Чехия, Прагада «Сауданың стратегиялық реттелуі: Ведомствоаралық әріптестікке және халықаралық альянстарға белсенді қатысу» тақырыбында Экспорттық бақылау жөніндегі он бесінші халықаралық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты жаппай қырып-жою қаруларын таратумен және дағдылы қару-жарақтарды заңсыз берумен күрес бойынша сыртқысаудалық келісімдерді стратегиялық бақылауды қолдану үшін барлық әлем бойынша үкіметтердің мүмкіншіліктерін күшейту болды.

Осындай халықаралық конференциялар екі жылда бір рет өткізіледі. Осы конференция 80-нен астам елден 220-ға жуық делегаттарды, сондай-ақ, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар мен өнеркәсіптердің сарапшыларын жинады. Қазақстаннан ҚР ИДМ ИДӨҚК Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының бас сарапшысы А.Р. Кушумов қатысты.

Конференция барысында қатысушылар стратегиялық сауданы басқару мен соларға байланысты құқық қолдану тәжірибелері салаларындағы соңғы жаңа енгізілімдер тәжірибелерін қарастырды.

Сондай-ақ, бірге туындаған таратулар мен қауіп-қатерлер проблемаларын айқындады және стартегиялық тауарлардың саудасын тиімді бақылауды қолдану мен таратпаудың көп тарапты режимдерін сақтауды маңызды деп таныды.