
«Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптегі жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін қадағалау жөніндегі департаменті мен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің 2015-2017 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралары» (Тараз қаласы, 02-03.11.16 ж.ж.) тақырыбында өткен кәсіби оқу туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде «Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптегі жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін қадағалау жөніндегі департаменті мен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің 2015-2017 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралары» тақырыбында кәсіби оқу өткізілді.
Кіріспе сөзбен Департамент басшысының у.м.а Б.М.Олжабаев және салааралық қадағалау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы А.М.Жұмаділов.
Алматы қаласы бойынша химия саласындағы келесі негізгі ауқымды сұрақтар талқыланды;
- өзінің нормативтік қызмет уақытынан өткен, заманауи емес техникалық құрылғыларды ауыстыру кәсіпорындарда орын алады. Сондай-ақ, ғимараттар жедел жөндеуді қажет ететін авариялық жағдайға келеді.Көрсетілген факторлар технологиялық өндірістің тоқтауына авариялық жағдай толық мүмкіндік туғызады.
- Көптеген кәсіпорындарда ҚР «Азаматтық қорғау туралы»заңының 16 бабының талаптары, оның ішінде:кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерімен және құралымдарымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет көрсетуге арналған шарттар жасасуға немесе осы ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілеріне қызмет көрсету үшін объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын құрубөлімі орындалмайды.
Қазіргі уақытта, Алматы қаласында 7 ұйымдар өз өндірісінде аммиакты қолданады.
Ағымдағы жылдың 2 жартыжылдығында «Алматы ашытқы зауыты» АҚ-на ерекше тәртіптегі тексеріс жүргізілді. Тексеріс барысында, «Алматы ашытқы зауыты» АҚ қазіргі уақытта аммиакты тоңазытқыш қондырғылар қолданылмайды, қайта жаңғырту іс-шарасының жоспарына сәйкес аммиакты тоңазытқыш қондырғыларды жаңғырту фреонмен алмастырылды.