Тараз қаласында семинар-мәжілістің екінші күні

Тараз қаласында семинар-мәжілістің екінші күні

«Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптегі жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін қадағалау жөніндегі департаменті мен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің 2015-2017 жылдарға арналған бірлескен іс-шараларын» іске асыру бойынша 2016 жылға арналған Жоспар шеңберінде «Химия кешені объектілеріндегі өндірістер құрамындағы улы, жоғары улы заттарды сақтау объектілеріндегі қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнінде тәжірибе алмасу» тақырыбы бойынша Тараз қаласында семинар-мәжіліс өткізуде.

Екінші күннің бағдарламасы бойынша семинар-мәжіліске қатысушылар Жаңатас қаласындағы «Еврохим-Удобрения» ЖШС-і филиалының, «Казфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытына химиялық өндірісіне барды, оның базасында кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі оқу-жаттығу өткізді.

Сондай-ақ, семинар-мәжіліс соңында семинарға қатысушылар волейболдан жолдастық матч өткізді.