
Техникалық регламент «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Техникалық регламент келесі мақсаттарда әзірленген:
- Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- жануарлардың, өсімдіктердің өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау, көмір ресурстарын ұтымды пайдалану;
- көмір өнімін тұтынушыларды оның мақсатына, сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты жаңылыстыруға әкеп соғатын іс-әрекеттердің алдын алу;
- халықаралық нормативтік және құқықтық құжаттар талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.
Бұйрық 2021 жылғы 16 ақпанда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6940253).