
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халыққа Жолдауында Үкіметке әрбір саланың цифрлық дамуының қозғаушы күші болуға арналған цифрлық технологиялық платформаларды қалыптастыру үшін өнеркәсіп пен IT-индустрия арасында өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қоюды тапсырды.
- Технологиялық жаңғыртудың маңыздылығын сезіне отырып, Қазақстанда өнеркәсіпті цифрландыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Алайда күрт секіріс туралы айтудың қажеті жоқ: көптеген отандық кәсіпорындарда Индустрия 4.0 – ге толық көшу үшін технологиялық және ұйымдастырушылық база әлі де әлсіз, - деп есептейді ҚР ИИДМ Цифрлық трансформация департаменті директорының міндетін атқарушы Әсел Дүйсембаева. - Сонымен қатар, 4.0 индустриясы өндірісті жаңаша ұйымдастыруға, физикалық нысандарды, процестерді және IT-технологияларды интеграциялау арқылы қосымша өнімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.