
KamaTyresKZ Қарағанды облысының Саран қаласындағы жаңа шина зауытына өндіріс қызметкерлерін қабылдайтыны туралы хабарлайды. Мыңнан астам жұмыс орны бар заманауи өндірісті іске қосу 2022 жылдың соңына жоспарланып отыр.
Компания қызметкерлерді қажетті дағдыларға үйретуді өз мойнына алады. Бірінші кезеңде жаңа зауыттың 190 қызметкері Нижнекамск қаласында (Ресей, Татарстан Республикасы) жұмыс істеп тұрған "Татнефть" шина өндірісіне барады, онда тиісті дайындықтан өтеді. Бұл ретте KamaTyresKZ көшу, тұру және болашақ мамандардың еңбекақысын төлеу бойынша барлық шығындарды өз мойнына алады.
Сондай-ақ, жаңа өндірістің құрылуына байланысты Саран қаласының екі техникалық колледжінде "Резеңке-техникалық өндіріс" және "Темір шебері"мамандықтары бойынша оқуды ашу жоспарлануда. Сонымен қатар, Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің химия факультетінде жоғары білікті мамандарды оқыту бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, құрылатын Қазақстан-Татарстан кәсіпорнының жоспарланған қуаты – жылына 3 млн жеңіл және жеңіл жүк шиналары, сондай-ақ 0,5 млн жүк шиналары. Автомобиль шиналары Қазақстанда өндірілетін автомобильдердің бастапқы жинақтамасына, қайталама нарыққа, сондай-ақ таяу шетел елдеріне, оның ішінде Ресей Федерациясына экспортқа жіберілетін болады. Жаңа кәсіпорынды құруға салынатын инвестиция көлемі 125 млрд теңгеден асады.
Қызметкерлерді жұмысқа алу бойынша толық ақпарат алу үшін Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына cz-saran@mail.ru немесе "Татнефть" кадр қызметіне BukhminPN@tatneft.ru электронды поштасы арқылы хабарласуға болады , сондай-ақ WhatsApp-та төменде көрсетілген ұялы телефон нөмірлері бойынша:
8-707-981-82-78,
8-775-981-82-78,
8-700-302-71-75,
8-775-573-89-01