Ерекше тәртіп бойынша «REN-Milk» ЖШС-ға тексеріс ашты

Ерекше тәртіп бойынша «REN-Milk» ЖШС-ға тексеріс ашты

ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Теміртау қаласы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімі 2016 ж. 10 қарашадан бастап  тәуекел дәрежесі негізінде ерекше тәртіп бойынша «REN-Milk» ЖШС-ға тексеріс ашты.

Тексеріс 06.05.2016 ж. № 416 Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрі бұйрығымен бекітілгенҚазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2016 жылдың II жарты жылдығына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ерекше тәртібі негізінде ашылды.

Теміртау қаласы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімі 2016 ж. 14.11. «REN-Milk» ЖШС басшылығымен Техникалық кеңес өткізді. Күн тәртібінде басшылығының тексеруді тағайындау туралы Актімен танысу ерекше тәртіп бойынша және Қазақстан Республикасы заңнамасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарын сақтау бойынша тексеру ашу туралы сұрақтары тұрды.

Кеңес барысында қатысушылармен келесі мәселелер қозғалды:

-   мемлекеттік инспекторлардың мен кәсіпорындар арасындағы ашықтығы және өзара іс-қимыл;

-   өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мәселелер;

-   Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі ережелері.

Техникалық кеңес аяғында тексеруді тағайындау туралы Актіге «REN-Milk»ЖШС –тің техникалық басшысы қол қойды.