«Talas Investment Company» ЖШС-нің нысандарында ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілді

«Talas Investment Company» ЖШС-нің нысандарында ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілді

2016 жылдың екінші жартыжылдығына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 10 қазанынан 8 қарашасына дейін «Talas Investment Company» ЖШС-нің нысандарында Департаменттің инспекторлық құрамымен ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында, тексеру парақтарына сәйкес келесі бұзушылық тармақтар анықталды, атап айтқанда:

-  сұйық аммиак және күкірт қышқыл қоймасында тиек крандары соңғы қалыптардың «Ашық», «Жабық» көрсеткіштерімен жабдықталмаған;

-  құю-құйып алу эстакадасында және сұйық аммиак қоймасында құбырлардың ернемекті бірігулерінің қорғаушы қаптарының болмауы;

-  сұйық аммиак және күкірт қышқылының құю-құйып алу эстакадасында аммиакқа арналған лақтырмалы көпіршелері жоқ;

-   Желдеткіш жүйелерін жұмысының тиімділігіне тексеру ұйымның техникалық басшысының бекіткен кестесі ұсынылмаған;

-   Желдеткіш тіреуіші өндірістік энергиялық қамтамас ету ғимараттың «жалаушамен» жабдықталмаған;

-   химиялық қауіпті объектілер мен көліктерде авариялық (бұзушылық) кезінде күшті әсер ететін улы заттармен зақымдау ауқымын болжау үшін қауіпті аймақ радиусі есебінен жүргізілмеген;

-   сұйық аммиак және күкірт қышқылының құю-құйып алу эстакадасында дабыл белгілері– «Локомотив аялдамасы» орнатылмағанжәне т. б. бұзушылықтар.

Жол берілген осы бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке бас инженері тартылды, оған айыппұл салынды.

Департаментің мемлекеттік инспекторлары және кәсіпорынның басшысы мен инженерлік-техникалық мамандарымен тексерілген тексеріс нәтижесі бойынша қорытынды техникалық кеңесін өткізді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына тиімді өндірістік бақылауды ұйымдастыруға және анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама ұсынылды.

Сондай-ақ, «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісуге» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша "электрондық үкіметтің "  www.egov.kz веб-порталы арқылы қажетті ақпарат алу тәртібі туралы түсіндірілді және «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 513 бұйрығымен«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік қызмет стандарты бойынша буклеті берілді.