«Экспорттық бақылау бойынша университеттік курс» тақырыбында іс-шара өткізілді

«Экспорттық бақылау бойынша университеттік курс» тақырыбында іс-шара өткізілді

Қазақстан мен Еуропалық одақтың ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде 2016 жылы 9-10 қарашада Астанадағы «Қазақ гуманитарлық-заң университеті» АҚ-тың алаңында экспорттық бақылау мәселелері бойынша «Экспорттық бақылау бойынша университеттік курс» тақырыбында іс-шара өткізілді.

9 қараша– тұжырымдарды, әдістемені талқылау, оқу бағдарламаларын, университеттерде экспорттық бақылауды оқытудың үлгілерін ұйымдастыру бойынша дөңгелек үстел өтті.

Осы іс-шараға Еуропаның экспорттық бақылау саласындағы жетекші оқытушылары: Льежск университетінің (Бельгия) профессоры – Квентин Мишель, Мюнстер университетінің (Германия) профессоры – Кристофер Далимор, King’sCollege (Великобритания) дәріскері – Иан Стюарт, Венгрияның қорғаныс өнеркәсібі және экспорттық бақылау директоры – ЛаслоШтефан, сондай-ақ Еуропалық одақтың, оның ішінде Германияның экспорттық бақылау саласының уәкілетті органының (BAFA) өкілдері қатысты.

Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің, Назарбаев университетінің, ҚазМЗУ, ҚМ МКК Оқу орталығының профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

10 қараша– өткізілген интерактивті дәрістер, тақырыптық зерттеулер, тәжірибелік мысалдар және т.б. шеңберіндегі университеттердің, академиялардың студенттері үшін «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шара шеңберінде Е.Е. Үндегенов экспорттық бақылаудың қазақстандық жүйесі туралы баяндамамен таныстырды. Бұл бастама Қазақстан мен ЕО арасындағы экспорттық бақылау саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асырудың бастамасы болып табылады. Сондай-ақ, студенттерге базалық білім алу кезінде экспорттық бақылаудың негізін үйренуге және әрі қарай оларды тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, бұл өзіміздің кәсіби оқытушылық құрамды даярлауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта АҚШ мамандары тек бір реттік білім беру семинарларын өткізуде.

Аталған іс-шараның қорытындысы бойынша ЕО мен ҚазМЗУ университеттері арасында осы бағыттағы жұмыстардың жалғасы болатын меморандумға қол қою туралы шешім қабылданды.