
ҚР Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің жұмыс жоспары мен қауіпті өндірістік объектілерді тексеру кестесіне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментпен бірлесе отырып 2016 жылдың 11 қарашасынан бастап «АППАК» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына кешенді тексеру жұмыстары жүргізілуде.
«АППАК» ЖШС уранды өнеркәсіптік өндіріске қойған алғаш қазақ-жапон біркелескен кәсіпорыны. Компания Мыңқұдық кенішінің Батыс бөлігін игеру үшін 2005 жылы құрылған. Құру кезіңде «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ жалғыз құрылтайшысы болған.
2006 жыдың 6 шілдесінде «АППАК» ЖШС «Қазатомөнеркәсіп» - 65%, Sumitomo Corporation - 20% және The Kansai Electric Power - 15% үлестерін бөліп, қайта тікелді. «АППАК»ЖШС құру көрсетілген компаниялар арасындағы стратегиялық әріптестік бағдаламасының бірінші бөлігі болып саналады.
Компанияны іске қосу 2008 жылы болды.
«АППАК» ЖШС құрамына:
- негізгі өңдіріс, бұл геологиялық бюро, өнімді ертіндіні қайта өңдеу учаскесі, өңдіру учаскесі, тұңдыру мен кептіру учаскесі, АСУТП мен КИПиА қызметі, физико-химиялық зертхана;
- қосымша өңдірістер, энергомеханикалық учаскесі, көлік учаскесі, автошаруашылық қызметі, күделі құрылыс бөлімі кіреді.
АППАК компаниясының жүмысшыларынің жалпы саны 394 адамнан тұрады, олардың кеніште жүмыс жасайтыңдары – 334 адам.
2016 жылдың 13 қарашасында «АППАК» ЖШС өнімді ерітіндіні қайта өңдеу цехында апатты жою жоспарының «Радиоактивті заттары бар жабдықтың тұтастығы бұзылу» позициясы бойынша оқу-жаттығу жүргізілді. Жаттығу қорытындысы бойынша «АППАК» ЖШС кемшіліктері көрсетілді, атап айтқанда персонла апатты жою жоспары бойынша әрекет етпеді, қауіті аймақ шекарасында радиациялық қауіптілік белгілері қойылмады, персонал қауіптілік аймағынан шығарылмады, жабдықтар беті дозиметриялық бақылаудан өтпеді.
