
Президент халыққа Жолдауында 2020 жылдың соңына дейін «Өнеркәсіптік саясат туралы» біріздендірілген заң жобасын әзірлеуді тапсырды. Қазіргі уақытта бұл құжаттың жобасы бизнес-қауымдастықпен, салалық қауымдастықтармен және өнеркәсіптік кәсіпорындармен талқылануда. ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Әлібеков «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында қандай новеллалар енгізілгені және мемлекеттік қолдау құралдары қалай өзгеретіні туралы айтып берді.