
ҚР Бас прокуратурасының ресми интернет ресурсында орналастырылған, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ерекше тәртіп бойынша тексеріс жүргізудің 2016 жылдың екінші жартыжылдығына арналған кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 10 мен 24 қазан айы аралығында Комитеттің мемлекеттік инспекторларымен бірге Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің және Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік инспекторларымен «Атырау МӨЗ» ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының сақталуы мәселелелері бойынша кешенді тексеріс жүргізілді.
«Атырау МӨЗ» ЖШС-ның өндірістік алаңы Атырау қ. оңтүстік – шығыс бөлігінде, Жайық өзенінің сол жағалауындағы өндірістік аймақта орналасқан. Солтүстік – шығыс жағынан «Атырау МӨЗ» ЖШС бұрынғы химиялық заводпен және аумақтық ЖЭО-мен шекаралас. Оңтүстік – батыс бағытында зауыт қоршауынан 700м арақашықтықта Перетаска өзегі, оның жағалауында қала тұрғындарының жер учаскелері орналасқан. Жайық өзені мен зауыт алаңының арасындағы 1.5 км арақашықтықта қалалық тұрғын құрылыстары орналастырылған.
Қауіпті өндірістік объектілердің қала объектілеріне жақын аралықта орнласуынан, «Атырау МӨЗ» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуы улкен маңызға ие.
Тексеріс бастау алдында мемлекеттік инспекторлар мен «Атырау МӨЗ» ЖШС бөлімше басшыларының қатысуымен, комиссия төрағасы Нұрғалиев Н. төрағалымен екі жақ өкілдерінен бекітілген арнайы бағыттар бойынша тексеріс жоспары талқыланды.
Тексеріс барысында 74 өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптары мен ережелерінің сақталуы бойынша бұзушылықтар анықталды, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 3 баптары бойынша, соның ішінде 298 бап 1 бөлім «Өнеркәсiп, тау-кен және құрылыс жұмыстары салаларында не азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және басқа да мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының бақылауындағы объектiлерде жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi белгiленген талаптарды бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соқпаса», 299 бап 1 бөлім 3 тармағы «Қауіпті өндірістік объектілердің мамандарын, қызметкерлерін даярлаудың, қайта даярлаудың Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі» және 298 бап 3 бөлім «Қауіпті өндірістік объектідегі авария, оқыс оқиға фактісін жасыру» бойынша жалпы сомасы 848400тг. заңды тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды
ҚР ИДМ ИДжӨҚК Атырау облысы бойынша
департаментінің мұнай-химия және мұнай-газ
өңдеу знеркәсібінде, мұнай өнімдері кәсіпорындарын
мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы
Қаржауов Алтынбек Өтепбергенұлы