
ҚР ИДМ ИДӨҚК Атырау облысы бойынша Департаментінің 2016 жылдың екінші жарты жылдық жұмыс жоспарына және «ерекше тәртіппен» тексеру графигіне сәйкес, 2016 жылғы 13 қыркүйектегі №66 тексеру актісі негізінде ағымдағы жылдың 14 қыркүйек пен 24 қазан аралығында «Каспий Құбыры Консорциумы-К» АҚ қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңы, «Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары», бойынша бұзушылықтар анықталды.
Анықталған бұзушылықтар бойынша «Каспий Құбыры Консорциумы-К» АҚ заңды тұлғасына ҚР ӘҚБтК-тің 298 бабы 1 тармағы және 298 бабы 3 тармағына сай әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып 100 АЕК айыппұл түрінде 212100 теңге және 200 АЕК айыппұл түріндегі 424200 соммада әкімшілік жазаға тартылды.