
Орталық коммуникациялар орталығында «Мойындалған халықаралық энергосервистік шарттар арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторлар тарту бойынша» 100 Нақты қадам Ұлт жоспарының 59-қадамына арналған баспассөз-мәслихаты өтті.
ОҚО баспасөз-мәслихатта Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіның Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары Нұрашев Тимур, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілінің орынбасары Алтангерел Мунхтуя, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Махамбет Айдар қатысты.
Баспасөз-мәслихаты барысында Нұрашев Тимур атап өткендей, энергия тиімділігі саясаты басталғаннан бері ЖІӨ энергия сыйымдылығының төмендету тенденциясы байқалады. Нәтижесінде ЖІӨ энергия сыйымдылығы 2011 жылғы деңгейден 30%-ға төмендеген.
«Энергия тиімді технологияларды мен материалдарды енгізу шараларының тиімділігі 30-дан 50%-ға дейін құрды, бұл ретте шаралардың өтілім мерзімі 3-тен 9-ға дейінгі жылдар аралығында», - деп ОҚО баспасөз-мәслихат барысында тұрақты өкілінің орынбасары Алтангерел Мунхтуя қосты.
Сонымен бірге, энергия сервистік қызметтердің нарығын дамыту бөлігінде қадамды іске асыруды «Министрлік мемлекеттік органдар арасында алғашқы болып «Транспорт Тауэр» өз ғимараттын жарықтандыруды жаңғырту бойынша жобаны іске асырудан бастады. Мемлекеттік секторда энергия тиімді жобаларды іске асырудың болашақта үлгісі болатын мемлекеттік-жекешілік әріптестік тетігін пайдаланумен энергия сервистік шарт көзқарасы бойынша іске асыратын алғашкы жоба», - ОҚО баспасөз-мәслихат барысында Нұрашев Тимур айтты.
